|
12.09.2018 | 18:15
2154

Тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмек еліміздің барлық өңірінде сатылып келген

 Тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмек еліміздің барлық өңірінде сатылып келген

Еліміздің барлық өңірінде тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмек сатылып келген. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов есептен шығарылған мемлекеттік фармацевтика тауарын жеке дәріханалар саудалап келгенін мәлімдеді.

Бұл жағдайды ведомство аймақтардағы ел тұрғындарынан препарат жетіспеушелігі туралы хабар көбептеп келе бастағаннан кейін анықтаған. Тексеріс қорытындысында заңды айналып өтудің құйтырқы әрекетінен тек 3 облыс қана ада болып шықты. Олар: Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар өңірлері.

«Біз қаңтарда түрлі наразылық себебін анықтаған болатынбыз. Тексеріс барысында есептен шығарылған дәрілер әлі де сатылымда қалғанын анықтадық. Заңбұзушылықпен тек жеке қолдағы, яғни коммерциялық дәріханалар айналысқан. Мемлекеттен түскен дәрілер есептен шығарылса да, пайда көргісі келгендерді біз Бас прокуратураға тапсырдық», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Министр биыл дәрінің қолға жетіспеушілік көрсеткіші азайды деді. 8 айда бір жарым миллионнан астам адам тегін дәрімен қамтылған. Жыл соңына дейін препараттарды үш жарым миллион адам қолына алады деп жоспарланып отыр.  




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир