Назарбаев даңғылындағы Фурмановтың ескерткіші ықшамауданға көшіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Осыған дейін Назарбаев даңғылында тұрған Дмитрий Фурмановтың ескерткіші «Сарыарқа» саябағына көшіріледі, деп хабарлайды tengrinews.kz Алматы қалалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап.
«Дмитрий Фурмановқа арналған ескерткіш Кеңес одағының бұрынғы басшыларына арналған ескерткіштер тұрған «Сарыарқа» саябағына орнатылады», – деді ведомство өкілдері.
Осыған дейін Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов - авт.) мен Құрманғазы көшесінің қиылысында Дмитрий Андреевич Фурмановтың құрметіне қойылған ескерткіштің жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33