Ысқақовтар отбасына сәбидің өлгенін растайтын анықтама берілді

Ысқақовтар отбасына сәбидің өлгенін растайтын анықтама берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қаскелең ауруханасында қаза тапқан сәбидің анасына баланың өлгенін растайтын анықтама берілді. Мұнда оның неден шетінегені туралы жазылған. Еске сала кетсек, өткен аптада Қаскелеңдегі перзентханадан 4 қазан күні үшем босанған Айгүл Ысқақова ауруханадан шығарылған болатын. Дәл осы медициналық мекемеде 22 қазан күні үшемнің бірі небәрі 18 күн ғана өмір сүрген Раяна шетінеп кеткен еді. Бұл жағдайдан кейін перзентханадағы 6 қызметкер жұмысынан уақытша шеттетілді. Ал, анықтаманы кімнің бергенін ешкім білмейді.

«Бүгінше ештеңе айта алмаймыз. Комиссиялар келіп жатыр. Тексерістер болып жатыр. Оның барлығы сараптаманың нәтижесіне қарай жасалады», - деді Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры Сәуле САУРАНБАЕВА.

Анықтамада Раянаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деп көрсетілген. Ал, Айгүл Ысқақова бұл қорытындымен келіспейді. Анасының алдын-ала пайымы бойынша, белгісіз жағдайда бокстан шығарылған нәрестенің организміне сыртқы температура кері әсер етуі ықтимал.

«Мына қағазда бір сараптама берген. Бұл сараптамада сердечная недостаточность деп берілген. Бұл шын мәнінде олай болмауы керек. Неге? Бұл өйткені менің жаныма жүрегі, өкпесі жетілгендер вакууммен қасыма әкеліп қойды. Бірінші фитта жатады. Жоғарыда реанимацияда жатады. Ал, екіншісі бұларды менің жаныма әкелген себебі шығуға дайын деп айтты. Мен бұл қастандық деп ойлаймын», - деді Айгүл ЫСҚАҚОВА.


Новости партнеров