Алматыда жер сілкінісіне төзімді тұрғын үй кешені салынады

Алматыда жер сілкінісіне төзімді тұрғын үй кешені салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда жер сілкінісіне төзімді, жер асты көлік тұрағы және балабақшасы бар тұрғын үй кешені салынады. Қала кеңесі Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бой көтеретін бірнеше нысанның құрылысын мақұлдады. Құрылыс жұмыстары кезінде бірнеше мың жұмыс орны ашылмақ. Әлеуметтік маңызы бар тұрғын үй кешенінің бірі Әль-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысында бой көтереді. Бос жатқан аумаққа үш қабатты үйлер, коттедж және балабақша тұрғызылады. Сонымен қатар, қонақ үй мен мейрамхана да қамтылған. Жоба бойынша 2 мың орындық жер асты және жер үсті көлік тұрағы да болады.

«Барлық тұрғын үй кешендері көлік тұрағымен қамтылған. Оған қоса бірінші қабатта балабақшалар болады. Ал, осы маңдағы мектептерге қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, кеңейтіледі», - деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат АЙТІЛЕУ.

Тағы бір 16 қабатты үй Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысына жеке қаржыға салынбақ. Жоба авторлары жер асты көлік тұрағы мен 500 орындық екі бөбекжайды да қарастырған. Оған қоса, Розыбакиев көшесінің оңтүстік жағына 9 қабатты тұрғын үй кешені бой көтереді. Мұнда да жер асты көлік тұрағы және 110 орындық екі балабақша салынады. Ол қаланың коммуналдық қызметіне беріледі. Аталған тұрғын үй кешені Сайран мен Алатау бекетіне жақын жерде. 

Новости партнеров