Шымкентте айыптұраққа қойылған 45 көлік өртеніп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте айыптұраққа қойылған 45 автомашина өртеніп кетті, деп хабарлайды otyrar.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«15 шілдеде 01.14-те автомобильдерге арналған айып тұрағы аумағында «КамАЗ» көлігі өртеніп, салдарынан жалын маңындағы өзге жеңіл машиналарды және оған жақын орналасқан жиһаз цехын шарпыған. Өрт түнгі 02.13-те ауыздықталып, 03.05-те толықтай сөндірілді», делінген хабарламада.
Өрт салдарынан 35 автомобиль жанып кеткен. Ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 өрт сөндіру және 17 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33