Қазақстандықтардың әлеуметтік мәртебесі анықталып жатыр

Қазақстандықтардың әлеуметтік мәртебесі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың әлеуметтік мәртебесі анықталып жатыр. Бұл 1-ші шілдеден бастап енгізілетін әлеуметтік медициналық міндетті сақтандыру жүйесіне байланысты қолға алынған. Құрамында біраз органның өкілдері бар арнайы топ қазір, әр үй мен мекемені аралап жүр. Олар азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтап, медициналық сақтандыру санатының қайсысына жататынын анықтауда. Өйткені, азаматтардың қорға төлейтін жарна құны санатқа байланысты әр түрлі. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 5 миллионнан астам адамның әлеуметтік мәртебесі жоқ.  Оның ішінде 457 мың адам Алматы қаласында тұрады екен. Тексерушілер, ресми табысы жоқ азаматтар мен қол қызметкерлер санын жасырып қалатындардың саны артқанын айтады. Олар, заңсыз жұмысшы ұстағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

«Әр жұмысшы көбісі заңды түрде жұмыс істейміз деп ойлайды ғой. Жұмыс беруші онымен келісімшартқа отырмайды. Зейнетақы қорына төлемақы төленбейді. Егер ол фактілер анықталса, біз жұмыс берушіге хабарлама жібереміз. Мысалы, сіздің жұмыс берушіңіз жұмыс істейтін фактісін айтып тұр, бірақ сіз есептілікте көрсетпегенсіз. Біз хабарлама жібереміз, ол хабарламаны есептілігінде көрсетуі керек»,- деді МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударудан ел көлемінде 10 миллионнан астам адам босатылмақ. Демек, олар үшін жарна мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бұл топқа 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер мен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жатады. Сондай-ақ, бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналар, зейнеткерлер, әскери қызметшілер мен түрмеге тоғытылғандар да бұл тізімде бар. Ал, еш жерде тіркелмей өз бетінше күнделікті табыс тауып жүрген азаматтар өзі үшін жарна төлеуге міндетті. Әйтпесе, олар тек жедел медициналық және амбулаторлық-емханалық көмек алуға ғана құқылы.

«Осы топ - бұлар да ең төменгі айлықтың есебінен 5 пайызын ай сайын төлеп отыруға тиіс. Яғни, ол кісілер 1414 теңге төлеу керек. 1-ші қаңтардан бастап 1414 теңге, ал бірінші шілдеден бастап 1248 теңге шамасы»»,- деді Міндетті медициналық сақтандыру бойынша республикалық спикер, Құралбай ҚҰРАҚБАЕВ.







Новости партнеров