|
15.02.2017 | 09:35
1909

Атлетикалық ауылдағы пәтерлерді үлестіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде

Атлетикалық ауылдағы пәтерлерді үлестіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде

Атлетикалық ауылдағы пәтерлерді үлестіруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баспаналардың барлығы үй кезегінде тұрған алматылықтарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестіріледі. Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа осылай деп мәлімдеді. Пайдалануға жалпы саны - 1748 пәтер беріледі. Шаршы метрі 1 мың 36 теңгені құраса, жалға алу мерзімі 20 жыл. 1 мың 748 пәтердің 996-сы бір бөлмелі, 560-ы 2 бөлмелі және 192-сі 3 бөлмелі.


«Елбасының тапсырмасы бойынша, үй кезегінде тұрған алматылықтарға 1748 пәтерді үлестіру жұмыстары басталып кетті. Бұл қаладағы үй кезегін 10 пайызға, яғни 1700 адамға азайтады. Халық арасында түсіндірме жұмыстарының көп жүргізілуінің арқасында, бұл жұмыстарды Наурыз мейрамына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әкімдік пен Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арасындағы келісімге сәйкес, Тұрғын үй басқармасымен пәтер иелерінің тізімі жасалды. Атлетикалық ауылдағы баспаналар әлеуметтік аз қамтылған топтарға, мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге үлестіріледі», - деді  Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир