Мәскеуде төртінші қабаттан құлаған қазақстандық студенттің жағдайы өте ауыр

Мәскеуде төртінші қабаттан құлаған қазақстандық студенттің жағдайы өте ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеудің мемлекеттік  халықаралық қатынастар институтының төртінші  қабатынан құлаған студент Томирис Байсафаның хал - жағдайы өте ауыр. Анасы Жанна Ахметованың пікірінше, ақ халаттылар қызды бүгіндері  жасанды демалу құрылғысына қосқан. Ота жасалып бір бүйрегі алынып тасталыпты. Қабырға мен жамбас сүйегіне зақым келген. Еліміздің Сыртқы  істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың сөзінше, қазіргі кезде осы жағдайға орай Ресейдің құзырлы органдары қылмыстық іс қозғаған. 

«Біздің Ресейдегі дипломаттарымыз Қазақстан азаматшамыз қазіргі кезде орналасқан Склифософский атындағы ауруханадағы дәрігерлермен үнемі байланыста. Олардың айтуынша,  қыздың жағдайы әлі ауыр. Бірақ дәрігерлер барлық қажетті шараны қолданып жатыр.Қыздың ата -анасы қазір Мәскеуде.Оларға біздің дипломаттар тиісті көмек көрсетіп жатыр.Ресейдің тергеу органдары осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.Қазір тиісті тергеу жұмыстарын жалғастыруда», -деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.

Оқыс жағдай сәуірдің 13-і күні түскі сағат бірлер шамасында тіркелген болатын. Куәгерлердің сөзінше, қызды танысы итеруі ықтимал. Мәскеудің мемлекеттік халықаралық қатынастар институның тәлімгері Томирис Байсафа биыл 4 курсты тәмамдауы тиіс болатын.


Новости партнеров