Ұшқыш 4 жылға сотталды. Талдықорған гарнизонының әскери соты Талдықорған түбінде апатқа ұшыраған Су-27 әскери ұшағының ұшқышына осындай үкім кесті. Еске сала кетейін, әуе кемесі 2016 жылы 21желтоқсан күні Талдықорған аэродромынан 20 километр қашықтықта апатқа ұшырап, ұшқыш катапульт батырмасын басып үлгеріп, аман қалған еді. Еліміздің әскери сотының хабарлауынша, сот үкімі 12 қаңтарда шыққан. Сот майор шеніндегі қызметкерді «Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу» бабымен айыпты деп таныпты. Сонымен қатар, оны әскери ұшу аппараттарын пайдаланудан, ұшуға дайындық әрі сонымен байланысты қызметті атқару құқығынан төрт жыл мерзімге айырды. Енді ол жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі төмен мекемесінде өтейді. Бірақ сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.