Алматыда 95-ші бағыт су жаңа 20 автобуспен толықты

Алматыда 95-ші бағыт су жаңа 20 автобуспен толықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

95-ші бағыт бойынша тұрғындарды таситын автобустар толық жаңартылды. Жолаушы тасымалын жіті бақылап отырған басшылары  «қоғамдық көлікпен қатынайтын қалалықтардың қатары  көбейіп келеді», - дейді.  Оған темір тұлпаралардың қатынау уақытының  ара қашықтығының жиілегені де  әсер еткен. Енді осы айдың соңында тағы да 100 автобус жаңартылмақ. 

Алматы жұртшылығын таңнан қас қарайғанша таситын көлік жүргізушілері бүгін  көңілді. Өйткені, ақпанның алғашқы күніннен бастап, нөмірі  95-ші автобус бағыты тағы  су жаңа 20 автобуспен толықты. Адамы көп атышулы «Алтын Орда» базарынан  Көк төбеге дейінгі қашықтықты қамтиды.

«Мына автобустар 95-ші маршрутқа келді. Бұл стандарт еуро-5. Автобустар өте ыңғайлы. Ойлаймыз қалалықтар мен қонақтарға ұнайды деп. Бұл маршрутта да,  көлікпен қатынайтындардың саны артады», - деді автобус паркінің қаржы директоры Асылбек МҰХАМБЕТӘЛИЕВ. 

Арнайы жолақпен кедергісіз жүйіткіп тұрса, адамдарда автобуспен жүруге асығары сөзсіз. Былтырғы жылдың қарашасынан бастап  жаңартылған 65-ші бағыттағы  көліктердің қатынау кестесі жиіліген соң жолаушы саныда күрт көбейген. Қала әкімдігінің субсидиялауға септесуі арқылы алынған автобустардың сыйымдылығы бұрынғылармен салыстырғанда кең. 

Бұған дейін Алматыда 15 бағыт бойынша  тозығы жеткен 290 автобус жаңартылған еді. Сондай-ақ, жаңадан  нөмірі 1-ші және 201-ші бағыттағы қоғамдық көлікте көшеге шықты. Алматыға жақында ғана қосылған елді мекендерден  адам таситын автобустарда оңалып келеді. Ақпан аяқталғанша тағы да 100 автобус Алматыға әкелінбек.  Былтыр  қаладағы коғамдық көлік 220 миллионнан жолаушы тасмалдаған. Бұл күніне кем дегенде "оңай" жүйесі арқылы  900 мың транзакция жасалатындығын  білдереді.

Әйкерім Ердәулетқызы, Валерий Таубалдиев  «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров