"Трибуна" басылымының бас редакторы Жанболат Мамай ұсталды

 "Трибуна" басылымының бас редакторы Жанболат Мамай ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 "Трибуна" басылымының бас редакторы Жанболат Мамай ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро оған Мұхтар Әбілязовпен сыбайлас болды деген айып таққан. Қазіргі таңда ведомство "БТА банк" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің экс-төрағасы Әблязов пен оның жанындағы басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жүргізуді жалғастырып жатыр. Тергеу барысында экс-банкирдің жаңа сыбайласы анықталды. Ол - Мамай Жанболат Мамайұлы. Қазіргі уақытта6 жемқорлыққа қарсы қызмет қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. Редакцияда тінту жүргізуге бірнеше адамның келгені туралы басылым журналисі Инга Иманбай Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Иманбай жариялаған видеода редакцияға өзін жедел тергеу тобының тергеушісі деп таныстырған адамның кіргені түсірілген. Еске сала кетсек,Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязов өткен жылы 9 желтоқсанда бостандыққа шыққан. Сол күні Франция мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойғаны туралы шешімін жариялаған болатын.  

Новости партнеров