Танымал тұлғаларға «Алматының құрметті азаматы» мәртебесі берілді

Танымал тұлғаларға «Алматының құрметті азаматы» мәртебесі берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматының құрметті азаматы» мәртебесіне ие болған тұрғындардың есімдері белгілі болды. Олардың қатарында атақты композитор, Қазақстаннның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым  Серік Қирабаев және қазақ тарихында тұңғыш елші болған әйел – Ақмарал Арыстанбекова бар.

Бұл адамдар Қазақстанның дамуына әр салада үлкен үлес қосқан. Мәселен, Ескендір Хасанғалиев жарты ғасырлық шығармашылық ғұмырында халыққа 200-ден астам тамаша музыкалық туындыларды тарту етті. Олардың көпшілігін жұрт әлі күнге тамсанып орындауда. Соның бірі атақты «Атамекен» әні. Ал Серік Кирабаев 600-ге жуық ғылыми еңбектің авторы болса, Ақмарал Арыстанбекова  еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бірінші және тұрақты өкілі болды.

Қалалық мәслихат депутаттары аталған үш азаматтың кандидатураларын бірауыздан мақұлдап,  «Алматының құрметті азаматы» атағын берді.  

«Ұсынылған кандидаттардың біздің қаламыздың ғана емес, бүкіл ел тарихында еткен еңбегі орасан екенін ескере отырып, Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызына, Қирабаев Серік Смайылұлына және Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлына «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын беруді қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.


Новости партнеров