Үй кезегінде тұрған алматылықтардың назарына! Алатау ауданында орналасқан Ақбұлақ ықшам ауданында 2 бөлмелі пәтер үлестірілмек. Ол үшін электронды үкімет веб-порталы арқылы өтініш беру қажет. Барлық пәтерлер Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы беріледі. Айта кетерлігі, баспананы отбасылар жалға алады. Бір шаршы метр құны 1120 теңгені құрайды. Пәтерді 5 жылдан кейін сатып алуға болады. Ал, жалға алу мерзімі 20 жыл.
«Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды қолтаңба алуы керек. Яғни құжаттардың барлығы электронды түрде қабылданады. Тапсырғаннан кейін құжаттарды Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері ол құжаттарды түгендеп, реттеп, тұрған жылдарыңызға қарай, жолдама жібереді. Сол жолдама бойынша сіздер Қазақстан Ипотекалық компаниясына барып, төлем қабілеттеріңізді дәлелдеуіңіз қажет. Оны тұрғын үй басқармасына алып келгеннен кейін, құжаттарыңыз қаралып, пәтер бөлінеді», - деді Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасының бас маманы Әзірет ЕСЕЕВ.