Қала әкімі Алматының бүлінген жолдарын жөндеуді тапсырды

Қала әкімі Алматының бүлінген жолдарын жөндеуді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыстың қарынан Алматы көшелерінің 35 пайызы бүлінген. Олардың барлығы күзге дейін толықтай жөнделіп, бітуі тиіс. Қала әкімі жолдың сапасына жауапты басшылар мен аудан әкімдерін жинап, тас жолдың тақтайдай тегіс болуын тапсырып, қала тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау керектігін қадап айтты. Үш кезеңнен тұратын жөндеу жұмысында бір мың елу екі шақырым жолға жөндеу жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, тесілген жолды жамауды жылдам, әрі сапалы жүргізетін жаңа техника да әкімге таныстырылды.

Бұл былтыр қыруар қаржыға жөнделседе бір жылға жетпей қайта тесілген жолдың қазіргі келбеті. Әкім шұрық тесік жолды дұрыс жамамаған құрылыс компаниясын тауып, өз қаражатымен қалыпқа келтіруді тапсырды. Жалпы,  Алматы көшелеріндегі жүздеген көшенің ұзындығын біріктірсе  үш мың шақырымнан асады. Қыстың қары мен көктемнің езілген суынан жолдардың 35 пайызы бүлінген. Әр ауданның  жолын тексеріп шыққан мамандар тас жолдың 65 пайызын жарамды десе, қалған бір мың елу шақырым жолға жөндеу жүргізілу керек деп шешкен.

Биыл бүлінген асфальтті ауыстыру мен шұрық тесік шұңқырларды жамауға 7 миллиард теңге жұмсалмақ. Оның тек 1 миллиард теңгесі жоспарлы түрде жөнделетін жолдарға бөлінсе, беткі 5 см қабаты алынып, қайта тегістелетін, яғни  орташа жөндеу жасалатын жолдарға  5,5 миллиард теңге қарастырылыпты. 85 мың шаршы метр жаяу жүргінші жолы мен 130 аялдаманың айналасы тегістеуге  500 миллион теңге бөлінген.

«Орташа жөндеу науқаны үш кезеңнен тұрады. Біз 34 көшедегі  37 шақырым жолға конкурс өткіздік. Ол жұмыстарға қазір бүгіннен бастап кірісіп жатырмыз. Екінші кезеңде он тоғыз көше 34 шақырымға.Үш кезеңде 1320 шақырым жолды жөндеп өтуіміз керек. Орташа жөндеу деген сөзіміз мына жолды ңбетіндегі 5 см трасс алып тасталады да қайта жаңадан төселеді. Кеш бастаған себебіміз мынау асфальт пен шұңғықрды жамаған кезде  бір күндік температура плюс 10 градустан жоғары болуы керек»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Мақсұт ИСАҚОВ.  

Ағымдағы жөндеуге 2, ал орташа жөндеу жұмыстары жасалған асфальттарға 5 жыл кепілдік беріледі. Бірақ бір қыстан қалмай тесіліп, қала халқына қолайсыздық тудыратын жолдар аз емес. Әкім өз ісіне ат үсті қарап, көз бояушылыққа барған құрылыс компанияларын анықтап, оларға қатал қарауды тапсырды.  Биыл тек Саин даңғылы мен Таусамалы аралығын жалғайтын Жандосов көшесінің тек 2 шақырымы толықтай ауыстырылмақ.

¤Қала көшелерін аралған әкімге қазылған жолды жамайтын, қалыпты температураны сақтап тұратын жаңа көлікте таныстырылды. Жөл жөндейтін  компанияның қаржысына алынған  жалғыз машина тиімділігін көрсетке келесі жылы олардың санын арттыру көзделіп отыр. Қазір қала көлемінде ойылған жолдарды жамауға 12 бригада жұмылып жаста, айдың  соңына дейін 28 бригада жасақталмақ.

Әмірболат Құсайынұлы,  Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы 



Новости партнеров