Қазақстан президентінің алдында бірқатар жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант берді. Халыққа адал қызмет етуге серттескендердің қатарында Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев, Бас прокурор Жақып Асанов, Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов және президент әкімшілігінің басқарушы қызметті атқаратын өкілдері, үкімет мүшелері, Алматы қаласы мен облыс әкімдері бар. Президент мемлекеттік қызметкерлер алдында алдағы уақытта көптеген айтулы жұмыстардың тұрғанын тілге тиек етті. Ақпараттық дәуірдің алмағайып кезеңі жақындап келгенін айтқан президент, халық алдында жауапкершілік артып, жұмысқа деген талаптың да күшейетіні түсінікті деді.
«Ант беру арқылы сіздер өздеріңізге үлкен мерейлі міндет, жауапкершілік жүктеп адал қызмет істеуге серт бердіңіздер. Азамттың бағасы ерлігі мен ержүректігі отансүйгіштікті сертке адалдығынан болатын. Қазіргі уақытта, мынау оңай емес замандарда жұмысқа келіп ант беріп отырсыздар»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.