Алматыда тілдер саябағы жобасы іске қосылды

Алматыда тілдер саябағы жобасы іске қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үштілді 3 айда меңгеру. Алматыда тілдер саябағы жобасы іске қосылды. Жаз бойы кез келген қала тұрғыны тегін курстарға қатыса алады. Алғашқы қатысушылармен тілдесіп қайтқан Перизат Көмекбайқызы тарқатып айтсын. 

Тегін курстар ашық аспан астында жаз бойы өтеді. Бүгінде оған қатысуға 600-ден астам адам ниет білдіріпті. Олар жас ерекшеліктері және білім деңгейіне қарай топтарға бөлінген.

«Мұндағы мақсат біздің адамның капиталын арттыру., білімін, үш тілді елбасы әрдайым айтады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл әрине, орыс тілі ресми тіл, ағылшын тілін де халықаралық тілді білуіміз керек. Жас болсын, орта жас болсын, үлкен ата-аналар болсын, еш уақытта оны біліп меңгеру кеш емес",- Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Үш тілді үйретуге 12 маман жұмылдырылған. Курс аптасына үш рет өтеді. Әр сабақтың ұзақтығы 1,5 сағат. Қатысамын деушілерге шектеу жоқ. 6 жастан 60 жасқа дейінгі кез келген қала тұрғыны тіл сындыра алады. 

«Курс туралы мен достарымнан естідім және оған жазылдым. Тегін барлығы жақсы. Жақсы үйретіп жатыр»,- деді 8-сынып оқушысы, Сағи ДҮЙСЕХАНОВ. 

«Ағылшынша сөйлестік. Бір-бірімізбен ағылшынша сөйлестік. Өлеңдер айттық. Сосын ойын ойнадық ағылшынша сөздер айтып. Маған осы жер қатты ұнап қалды. Мен осы ағылшын курсына қатысқанда, ағылшынды меңгерімен деп ойлаймын»,- деді 5-сынып оқушысы, Мадина КӘКИ.

Курстың алғашқы қатысушыларымен өз тәжірибесімен бөлісу үшін дәрігер, педагог Талапқали Ізмұхамбетов арнайы келді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері ағылшын тілін 65 жасында үйреніпті. 

«Адам үлкейгеннен кейін өзінің мына аурулары болады. Мына альцгеймер деген ұмытып қалады кім ол өзі? Қай жаққа барады. Парконсонизм деген адамның бойы дірілдей бастайды. Оның бәрі де мына мидың аурулары. Сен сол мына тілді оқысаң мына массаж ретінде сол мына жаман аурулардың профилактисы, алдын-алуға әсер етеді»,- деді Медеу ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Талапқали ІЗМҰХАМБЕТОВ. 

Тілдер саябағы жобасы Медеу ауданында Орталық демалыс саябағында 30-шы тамызға дейін жалғасын табады. Курс аяқталған соң, барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров