|
10.11.2016 | 12:18
4519

Алматыда тергеу изоляторы қызметкерлері ұялы телефон алып өтпек болған азаматты ұстады

Алматыда тергеу изоляторы қызметкерлері ұялы телефон алып өтпек болған азаматты ұстады


Заңгерлер де заң бұзады екен. Алматыда тергеу изоляторы қызметкерлері ұялы телефон алып өтпек болған азаматты ұстады. Анықталғандай, адвокат бақылау-өткізу пунктінде байланыс құралын уақытша сақтауға өткізбей, өзінің қорғалушысына бермек болған. Бұл сәт тергеу изоляторы аймағындағы бейнекамераға түсіп қалған.

«Ұялы телефон тәркіленіп, іс әкімшілік сотқа жолданды. Сот шешімі бойынша әкімшілік кодекстің 481 бабына сәйкес қорғаушыға ескерту жасалып, ұялы телефон тәркіленді», - деді Алматы қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ла 155/1 мекемесі басшысының орынбасары Әбдірахман ӘБДІЛДИН.

Жыл басынан бері тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды азық-түлік және киімге тығып 24 адам алып өтпек болған. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, соның ішінде 18-і сотталушының туысқандары болса, қалғаны олардың қорғаушылары. Олар көбіне ұялы телефон, ақша және есірткі кіргізуге талпынады. Сондай-ақ жыл басында тергеу изоляторының екі қызметкері пара алу арқылы жазаға кесілгендерге байланыс құралымен қамтуды көздеген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир