|
11.11.2016 | 12:14
2704

Елімізде көпір құрылысының шығыны 30 пайызға дейін азаймақ

Елімізде көпір құрылысының шығыны 30 пайызға дейін азаймақ


Елімізде көпір құрылысының шығыны 30 пайызға дейін азаймақ. Жаңа жобаның жай-күйі Алматы әкімі Бауыржан Байбекке таныстырылды. Алматы көпір зауытындағы жаңа бетон белдеу, көпірге кететін темір-бетон шығындарын азайтады. Бірақ бұрынғы көпірлермен салыстырғанда жіңішкелеу болып келген бетон белдеудің жүк көтеру мүмкіндігі жоғары. «Бұл еуропалық стандартпен салыстырғанда сапасы жоғары»,- деді кәсіпорын басшысы. Ал, Алматы қаласынң әкімі Бауыржан Байбек кәсіпорындарға субсидия арқылы әкімшілік жан-жақты қолдау көрсетеді, сапалы әрі арзан өнім шығарған компаниялардың ескі үйлерді сүру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі жоғары екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, зауыт су арналарын бекітетін сапалы заттарды да шығарып жатыр. Өзіндік құны арзан, шыдамдық белсенділігі жоғары бордюрлі бекіткіштер судың өз арнасына шығып кетпеуіне жол бермейді. Зауыттағы жаңа қондырғылардың жұмыс істегеніне небәрі бір ай ғана болған. Бұдан соң қала жетекшісі «Ескі үй», «Нұрлы жер» бағдарламаларына қолдау білдірген, құрылыс материалдарын шығаратын «Нұрсапа бетон» зауытына барды. Аз уақыттың ішінде құны 106 миллион теңгеге 8,5 мың текше метр бетон шығарылыпты. Қазір бұл құрылыс зауытында бетонның 36 түрі бойынша заттар жасалады. Мәселен керамзит-бетондар экологиялық жағынан тиімді, ал, жер сілкінісіне төтеп беру мүмкіндігі жоғары. Сағатына 110 текше метр бетон өндіретін зауыт жаңа жобаларға жұмсалған шығындарын бір жарым жылда жаппақ. Жалпы кәсіпкерлікті қолдау картасына екінші бесжылдықта жалпы құны 175 миллирд болатын 80 жоба енгізілді.Бұл жобалар толық ашылған кезде 374 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өткен жылы 7 жоба ашылып, 269 жұмыс орны пайда болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир