Наурызбай ауданының белсенді тұрғындары Елбасының мақаласын талқылады

Наурызбай ауданының белсенді тұрғындары Елбасының мақаласын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көтерілген көп дүниені Наурызбай ауданының белсенді тұрғындары талқылады. Аудан атынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары ертеңгі ұрпақтың саналы, әрі отансүйгіш азамат болып өсуі үшін бүгіннен бастап білімді дұрыс беру керектігін көтерді.

«Аудан тұрғындарын қызықтырғаны - ол мына болашақа латын тіліне көшу. Ол қазақ тілінің аясын кеңейтеді. Тарихты, өз салт-дәстүрімізді тек біліп қана қоймай, мына өкшемізден басып келе жатқан жас ұрпаққа аманаттауымыз керек», - деді Наурызбай ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Бекжан СӘРСЕМБАЕВ.

Сонымен қатар, Алмалы ауданының тұрғындары да мақаладағы маңызды мәселелерге тоқталды. Бүкіл әлем бәсекелестігі - тек байлықпен ғана емес, білім қабілеті, қайсарлығымен айқандалады. Елбасы мақаласындағы туған жерді құлай сүюге арналған тарауында түйсігі бар жанға терең ой салады. Ол  ұлттық салт-дәстүр, тіліміз бен музыка, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп тарқасты жұрт.  

«Елбасымыздың үлкен мақаласын қолдап, оны әрі қарай қалай іске асыру жөнінде үлкен жиыннан шықтық. Бұл мақаланың маңызы ерекше екені жөнінде мен өз басым да, аудан ардагерлері атынан сөйлеп пікірімізді білдірдік», - деді  Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық ӘМІРХАНОВ.

Елбасы мақаласында «Туған жерге туыңды тік» деген бағдарламаны қолға алуды ұсынған. Оның аз ғана уақытта ауқымын кеңейту де жоспарда бар. Бұл рухты көтеретін мақаланы Алмалы ауданының жастары зиялы қауым өкілдерімен талқыға салды. Олар патриотизм туған жерден басталатынына күмән келтірмейді.

«Біз рухани жаңғырмасақ, рухани қайтадан өзімізді-өзіміз көтермесек онда біз кімбіз? Біздің қарап отыра берсек төмен кете береміз. Біз басқа мемлекеттің алдына шығу үшін өзіміз мынау дінімізді, тегімізді, тілімізді рухани байлық деген сол. Біз жастарға сенуіміз керек. Жастарға біз қолымыздан келгенше ақылымызды айтуымыз керек. Біздің шыққан шыңға олар шығуы керек», - деді Олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ.


Новости партнеров