Алматыда 500 мемлекеттік қызметші жазаланды

Алматыда 500 мемлекеттік қызметші жазаланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда 500 мемлекеттік қызметші міндетіне жауапсыздық танытып, тұрғындарды балағаттағаны үшін жазаланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мәлімдеді. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет саласына 75 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 7 қызметші тәртіпке салынып, үш басшы қатаң ескерту алды. Оған қоса, бірқатары қызметінен қуылды.

«Біз тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша жұмыс істейміз. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеби нормаға қатысты жауапсыздығы нақтыланса, қажетті шара қолданамыз. Департаментке тұрғындардан әртүрлі арыз түседі. Көбіне мемлекеттік қызметкерлердің жауапсыздығы айтылады», - деді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Геннадий ДАНИЯРОВ.

Сонымен қатар, жиын барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспары талқыланды. Құжатта қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесі толық қамтылған. Яғни, қолжетімді білім, медицина, жаңа жұмыс орны, жетілдірілген сот жүйесі сынды салалардың барлығы 23 тармақта толық қамтылған.

Новости партнеров