Алматыдағы жатақханалардан көптеген кемшіліктер табылды

Алматыдағы жатақханалардан көптеген кемшіліктер табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы жатақханаларға жүргізіліп жатқан мониторинг аяқталуға жақын. Екі аптаға созылған тексерістен соң, студенттердің анонимдік жауаптарының қортындысы да жарияланады. Бұл жолы жастар саясаты басқармасы мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері Алматыдағы төрт ірі университеттің жатақханаларын аралап шықты. Бұған дейін Алматыдағы аграрлық және политехникалық университеттеріне тиесілі студенттер үйінен көптеген кемшіліктер табылған еді.

Қас қарая қаладағы жатақханларды аралап, жастардың жағдайымен жете танысу басталғанынан хабары бар оқу орнының басшылары да барынша тәртіпке көшкен сыңайлы. Студенттерге бұрын айлап ат ізін салмайтын басшылар енді апта сайын жастардың жағдайымен танысып отыратын болған. Қаланың қақ ортасындағы студенттер көп шоғырланған жердің бірі Асфендияров атындағы медициналық университеттің жатақханасы. Жастар үйінде жалпы демалатын бөлме болғанмен, оған студенттер кіре алмайтын болып шықты. Ғаламтор жоқ, аш жүріп, ас дайындауға асыға жететін студенттер газ пешіне кезекке тұрады.

«Тамақтануымыз қиын деп ойлаймын. Сондықтан осында асхана сияқты ашылса, талон берілсе деген ұсынысым бар. Пешке кезекке тұрып қаламыз», - деді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ III курс студенті Ақмарал ДӘУЛЕТҚЫЗЫ.

Студенттерден ай сайын коммуналдық төлем алатын оқу орнының бірі бас сәулет-құрылыс академиясы. Білім алып жатқан жастарға кино көретін зал, демалыс бөлмесі, асхана сынды қажеттіліктер қамтылған. Тек қыста бөлмелерім суық деп шағымданды. Ал өнер академиясының басшылары жатахқананың ішін жаңалауды жастарға жүктеген. Әрі ішіндегі дұрыс деген бөлмелерді өздері иемденетін болып шықты.

«4 рет ауыстым. Ауыстыра береді, білмедім. Тұрғызбады дұрыс. Жөндеу жұмыстары дейді. Қыздар жөндеу жұмыстарын жасайды деп шығарып жіберді . Енді бір қарасақ коммендант өзі тұрып алыпты», - деді  Т. ЖҮргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының I курс студенті Айнұр САУЯЕВА.

Жастардың жағдайын жасап, бос уақыттарын қызықты, әрі қосымша өнер үйренуге мүмкіндік берген оқу орнының бірі Қазақ көлік академиясы. Білім ордасына тиесілі 4 жатақхана жастар үйі емес құдды бір сауықтыру орны секілді. Айробика, ауыр атлетика, үстел теннисі, бильряд сынды қалада барып, ойнауға қымбат түсетін орындарды барлығы бұл жерде бар және тегін.

«Бүкіл бөлмелерде тоңазытқыш, телевизор және тегін уайфай таратылған. Жылдық ақы 60 мың теңге. Бірақ жетімдер тегін тұрады», - деді  М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының II курс студенті Нұрзат БАҚЫБАЙ.

Қалалық жастар басқармасы қоғамдық ұйымдармен бірігіп  қаладағы барлық жатақханаларға маниторинг жүргізіп шықпақ. Тексеріс барысында студенттерге анонимдік сауалнамаларда қатар жүрігізіліп жатыр. Жемқорлық, әлімжеттік сынды келексіздіктерді де жастардың көмегі арқылы анықтамақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Нұрбол Қызықбаев, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров