Алматыда ауыз су құбырын рұқсатсыз тартып алған 4 мыңнан астам үйдің тұрғыны айыппұл арқалады

Алматыда ауыз су құбырын рұқсатсыз тартып алған 4 мыңнан астам үйдің тұрғыны айыппұл арқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Судың сұрауы күшейеді. Бұдан былай ауыз судың құбырын өз бетімен рұқсатсыз тартып алғандар енді әкімшілікке де айыппұл төлейді.  Келтірген шығыны үшін сотқа тартылады.  Коммуналдық желінің мамандары заңсыз қосылған су құбырын қиып қана қоймай, сол үйдің кәріз жүйесін де тығындап тастамақ.

Көпке ортақ суды сұраусыз пайдаланғысы келетіндермен күрестің басталғанына көп болсада одан нәтиже оңалған жоқ. Жұмысшылар үйге тартылған құбырды тығындап, қиып кеткенмен оны тұрғындар кейін қайта қосып алатын. Жұртты жөнге салуға жазаның жеңілдігі кері әсер ететін.

«Біз үйді сатып алғанда бұл су құбыры тартылып тұрған. Оған аса мән бермедік. Тіптен су алу үшін келісім шарт жасап, ақы төлеуді де ойламаппыз. Ия, газға, жарыққа төлейміз», - деді Нұрниса ОЗУТУРК.

Білетінін білмегендей кейіп танытып, лезде теріс айналатын мұндай жандар қалада аз емес. Осы күнге дейін үш мыңнан астам үйдің иелері  орталық құбырды өз беттерімен тесіп, үйлеріне тартып малған,. Тіптен суды тегін алып, қалдық суды да кәріс жүйесіне ақысыз ағыза беретін бір мыңнан астам адам анықталыпты.

«Заңсыз суға қосылмай, заңды мекемелер арқылы құжатты рәсімдеуді талап етеміз. Сәулет және құрылыс басқармасынан рұқсат алу, кейін жобалау жұмыстарын жасап, суға қосылып, бізбен келісім шартқа отырады. Есептеуіш құралын қойып, ай сайынғы төлемін жасау керек», - деді «Алматы су холдингі» МКК қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота ЖЫЛЫСОВА.

Анықталған 4 мыңнан астам үйдің тұрғыны енді міндетті түрде айыппұл төлейді. Үйге тартқан құбырдың диаметрі 15 милиметр болса, оған  салынар айыппұл 151 мың теңге. Одан бөлек жергілікті әкімшілік өз бетімен әрекет еткен үй иесіне тағы айыппұл төлеткізеді. Бұрын бұндай қос жаза болмаған.

«Заңсыз қосылған су магистарльді су ағысына кері әсер етеді. Әрі есептеліп жіберілген су заңсыз қосылғандардың кесірінен халыққа дұрыс жетпейді. Оның үстіне талапқа сай болмағандықтан, өздігінен рұқсатсыз қосылу жұмыстары ешбір техникалық талаптарға сай жүргізілмегендіктен, су құбырының бактериологиялық күйі нашарлап, ортақ су құбыры жүйесінде лайлан  мен ластану қаупі туындайды», - деді  Алматы қаласы Әуезов аудандық  суды пайдалануды қадағалау бөлімінің басшысы Руслан ӘБДІБЕКОВ.

Суды сұраусыз пайдаланған жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне  жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер айыппұл төленбесе өндіріс сот арқылы  жүзеге асырылып, сырт елге шығуына тиым салынады. Ал суға ақы төлегісі келмей, заңсыз пайдаланғандардың арасында  індердің қалтасы қалың байларда  кезедсіп отыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров