«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі өз мәресіне жетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі өз мәресіне жетті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шара қазақ телевизиясының 60 жылдығына тұспа-тұспа келді. Биылғы бәйгеге 14 номинация бойынша үздіктер қатарынан көріну үшін еліміздің әр өңірінен 350-ден астам конкурстық жұмыс келіп түскен. Маңызды дата - қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Осы датаға орай биылғы бәйгеде телевизия ардагерлері атына айрықша алғыс-тілек айтылды.   

«Бұл тек қазақ телевизиясының, бүкіл Қазақстан арналарының мерекесі деп ойламаймын. Бізді, тележурналистерді тұлға жасаған, өздерінің жақсы отбасы жасаған патша көңілді көреремендердің де тойы. Сондықтан мен патша көңілді көрерменімізді, барлық әріптестерімді, тіпті, өмірден өтіп кеткен қазақ телевизиясының мектебін қалыптастырған ықыласпен, шын жүректен құттықтаймын», - деді журналист Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ.


Новости партнеров