"Экспо-2017" көрмесі аясында Астанада «Алматының мәдени күндері» басталды

"Экспо-2017" көрмесі аясында Астанада «Алматының мәдени күндері» басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Экспо-2017" көрмесі аясында Астанада «Алматының мәдени күндері» басталды. Әлем бас қосқан айтулы шара аясында өтетін бұл апталықта 400-ден астам алматылық артист, қол өнер шеберлері, шығармашылық топтар Астана тұрғындары мен қала қонақтарын өз өнерлерімен тәнті етпек. «Махаббатпен, Алматыдан» деп аталатын алғашқы концерттік бағдарлама мәдени күндердің  шымылдығын түрді.  Әсем қаланың дайындаған тартуын әріптесім Назым Мәлікқызы көріп қайтқан еді.

¤Алматы - ару қала әрі тәуелсіздіктің алтын бесігі. Егемендік тікелей осы қаламен байланысты болғандықтан болар, «Астана-Экспо 2017» көрмесі аясында алғаш болып  Алматының мәдени күндері басталды. 400-ге жуық өнер жұлдыздары, қол өнер шеберлері Астана тұрғындары мен туристерді өнерлерімен тәнті етпек.¤

Мәдени шараның  алғашқы күні «Махаббатпен, Алматыдан» концерттік бағдарламасымен бастау алды. Ару қаладан келген өнер иелері  Астана тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Сан алуан әсем түске боялған Алматының шынында махаббатын жеткізді. Аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы ретро әндерді орындап, көрерменді сағынышқа бөледі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мерекемен құттықтап,  Астана мен Алматының  тығыз байланысын тілге тиек етті. Әрі, әлемдік деңгейде алғаш ТМД мен Азия аумағында өтіп жатқан «Астана Экспо-2017» көрмесінің маңыздылығын айта кетті.

«Ел тарихындағы ауқымды жоба Астана Экспо халықаралық көрмесі аясында Елордадағы Алматы қаласы мәдениет күндерінің тұсау кесері коцертіне қош келдіңіздер.Еліміз үшін осынау биік жоба  шеңберінде Астана қонақтарына  басқа өңірлердің  арасынан бірінші болып Алматының мәдениет күндерінің  өтуі кездейсоқ емес.Бүгінде еліміздің әрбір азаматы үшін Астана мен Алматы егіз ұғымға айналған»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Алматы әкімшілігі қала тұрғындары мен сырттан келген туристерге дайындаған өзге де шара легімен таныстырды. Ақпарға жүгінсек, маусымның 11 мен 19 аралығында жалғасатын мәдени  апталыққа Оңтүстік Астанадан өнер саңлақтары, қол өнер шеберлері мен өзге де шығармашылық топтар келеді. Халық «Этно ауыл Алматы»  көрме-жәрмеңкесінде ұлттық нақыштағы қол өнер мен қымқалам шеберлерінің туындыларына көз жүгіртіп, сатып алуына мүмкіндік туады.

«Біз басымдықты ұлттық нақышқа беріп отырмыз. Бір ғана концерт қазақ эстрадасының концерті болып табылады. Ал қалған дүниенің  барлығында да  ұлттық нақыш бар. Яғни, концерттер жыр фестивальдерін өткіземіз. «Алатау дәстүрлі» театрының базасында «Сазген сазының»  жеке концерті  содан кейін біздің  қолөнершілер»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.

Мәдени күндер маусымының 18 күні «Асқар таулы Алматы» атты  гала концертпен аяқталады. Концерттік бағдарлама «Астана Экспо-2017» көрмесі аумағындағы амфитеатрда өтеді. Алғаш болып, мәдени шара легін бастаған Алматы қаласынан кейін, өзге өңірлерде бұл игі істі жалғастыратын болады.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров