Алматылық екі дәулетті көрші өрт шығыны үшін соттаспақ

Алматылық екі дәулетті көрші өрт шығыны үшін соттаспақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Моншасы мен жаздық ас үйлері өртенген алматылық екі дәулетті көрші шығын үшін соттаспақ. Зәулім үйлерге қоныстанған көршілердің қоймалары  жапсарласа салынған. Өрттің шығуын бір-бірінен көрген ауқаттылар сараптаманың қортындыларына да сенбей отыр.

Қора, қоймалары өртенген қос көрші де кілең ауқаттылар тұратын ауданда орналасқан. Сараптамамен келіспей, сарсаңға түскен Табылдының құдай қосқан көршісімен келісе алмай, керілдесіп жүргеніне 3 айдан асқан. Айтуынша, өрт түн ортасында  көршісінен шығып, ішінде ет толы үш тоңазытқышын, құдаларын күтеуге деп арнайы салған шағын сарайын күлге айналдырған.

«Өрт сөндірушілер су жоқ деп, темекі тартып отырды. 20 минуттай су жоқ деп күтіп отырды. 20 минуттың ішінде біздің үйіміздің жоғарғы жағы жанды. Неге әділ болған жоқ? Біз олар іске араласты деп ойлаймыз. Ол ертеректе прокуратурада жұмыс істеген. Адамдармен байланысы бар, сараптаманы өздерінің пайдасына қарай шығартып алды», - деді Тавлд ЕДІЛБАЕВ.  

Бір ауладағы үш және екі қабатты қымбат коттеджі өрттен аман қалсада,  6 миллион теңге шығын келді деп шырылдап жүрген бизнесмен  сараптаманың қортындысы сатылды, дейді. Ал демалуға арналған 110 шаршы метрлік үйі жанып кектен Талап  60-70 мың доллар аралығындағы дүнием кетті, дейді.

«Орындықтардың бәрі жанып кетті. Ас бөлме, демалатын бөлме, теледидар жанып кетті. Кез келген құрылғы жанса, розеткіден шығу керек қой бірдеме. Бәрі сау. Адамша барып айттым, әй қояйық, көршіміз ғой деп», - деді Талап ҚАЛИАҚБЕРОВ.

Жалынды кешігіп болсада сөндірген мамандар өрттің қай жерден, неден шыққанын сол қалпы анықтай алмаған. Екі жақтан арыз кезек-кезек келіп қоймаған соң, іске сот сараптамалық инститтуының мамандары  араласып, қызыл жалын Табылдының тұрағынан шықты деп тұжырымдаған.

Сот сарапта инститтуының маманы өрттің қай ауладан шыққанын көрсеткенмен,  оның себебін нақты анықтай алмаған. Арнамыздың атынан жолданған арнайы сауалхатқа араға апта салып әрең дегенде жазбаша жауап берген  сот сараптамалық институтының басшысы оқиғаны жариялай алмаймыз деп қысқа ғана қайырыпты. Алғашқы шешімді шығарған сарапшы да  жұмыстан  шығып кеткен.  Ал кеткен шығындарын жоқтап, аудан, қала ғана емес, бас прокуратураға да шағымдаған қос көрші  алдағы күндері тәуелсіз сарапшыларды сүйремек.  


Новости партнеров