Еліміздің мұрағаттарынан латын қарпінде басылған құнды құжаттар анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің мұрағаттарынан латын қарпінде басылған құнды құжаттар анықталды. Алматы қаласы орталық мемлекеттік мұрағатында бүгінде 1697 қор болса, соның 31 қорынан латын қарпінде толтырылған  мол деректер табылды.  Құнды мәліметтерге парақтап сараптама жасау кезінде сарапшылар олардың 1932-1940 жылдар аралығындағы іс-қағаздар екендігін растады. Жалпы архивте 1 миллионнан астам құжат сақтаулы екен. Латын әліпбиіне көшу жолында белсенділік танытқан Алматы қаласы орталық мемлекеттік мұрағаты бұл ретте қор құжаттарынан топтастырылған көрме ұйымдастырды.

«Мысалы, 88-ші қор Сталин аудандық 16-шы бөлімшесінің құжаттарын қарай отырып, сол кездегі құжаттардың толығымен латын әліибиімен жазылғанын көрдік. АлматыГорСтройТрестінің құжаттарынан да біз латын қарпін байқадық. Бүгінгі таңда бұл өзекті мәселе болғандықтан біз арнайы көрме ұйымдастырдық»», - деді Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының қызмет басшысы Ақбөпе ИМАШЕВА.

Қорда сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың 1942 жылы жарық көрген «Абай жолы» кітабының алғашқы данасы сақталған. Бір қызығы, бұл еңбек толығымен кирилл қарпінде басылмаған. Кітапта латын қарпімен басылған парақтар да бар.  


Новости партнеров