|
02.02.2017 | 10:29
4842

Алматы облысы Қарасай ауданында пәтер ұрлығымен айналысатындар көбейіп кетті

Алматы облысы Қарасай ауданында пәтер ұрлығымен айналысатындар көбейіп кетті

Қарақшыларға жем болғымыз келмейді. Алматы облысы Ұмтыл селолық округына қарасты Қызылбөріксай ауылының тұрғындары осылай деп ашынды. Жұртшылықтың мәліметінше, тұрғылықты жерлерінде күн сайын ұрлық болатын көрінеді. Дүние мүлкі мен қаражатынан айырылғандар сан мәрте кұқық қорғау орган қызметкерлеріне арыз шағымдарын қалдырғандарымен әлі күнге дейін бірде-бір қылмыс ашылмапты. Толығырақ мәселенің мән жайын Нұрсейіт Жылқышыбай тарқатсын.

Тапқан-таянғандарымнан бір күнде айырылдым деп отырған Гүлжазира Мәтенова. Айтуынша, құқық қорғау органдарына сенуден қалдым дейді. Себебі, осыдан жиырма күн бұрын 1 млн. теңгеден астам түрлі тауарларын қарақшылар қолды қылып кеткен. Ал, бір қызығы қылмыс әлі ашылмаған.

«Менің үйімді тонап кетті. Бірақ әлі күнге дейін қылмыс ашылмай жатыр. Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз тағы кімнің үйі тоналады екен деп. Осыны қалай шешу керек екенін білмедік»,- деді Алматы облысының тұрғыныГүлжазира МӘТЕНОВА. 

Екі мыңға жуық тұрғыны бар бұл ауылда күніне екі - үш үй тоналатын көрінетін көрінеді. Ашынған тұрғындар үйлеріне қара құлып салудан да қорқады. Себебі, ұрлыққа дәніккендер қай уақытта келіп қаларын нақты білмейміз дейді. 

«Бұндай бассыздықты сөзбен айтып жеткізуге болмайды. Күнсайын екі үй тоналып жатыр. Біз сіздерге жалған ақпарат бермейміз. Солар ашылып жатса біз журналистерді шақырмайтын едік»,- деді Алматы облысының тұрғыныИбрагим АРТБЕК.

Бұндай қордаланған мәселелер Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасының құзырында. Алайда, сала мамандары, журналистерге бәрін жақын күндері өз шешімін табады деп сөз берді. 

«Бізге осы күнге дейін төрт шағым түскен. Соның екеуі ашылды, енді екеуін жақын күндері ашамыз. Оған сөз береміз. Қарақшылыққа жол бермейміз»,- деді Алматы облысы, Қарасай ауданы IIБ бастығының орынбасарыҰлан САДЫҚОВ.  

Екі аяқты қасқырларға жем болған тұрғындар жақын күндері қылмыстың беті ашылмаса Алматы қалалық прокуратурасына шағымданудан басқа шара жоқ деп отыр. Ал,  Гүлжазира Мәтенованың тапқан - таянған дүниелері жақын күндері қайтарылатынына сеніміз мол.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

кражи
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир