|
10.02.2017 | 11:17
2303

Елімізде электронды еңбек биржасы құрылады

Елімізде электронды еңбек биржасы құрылады

Елімізде электронды еңбек биржасы құрылады. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов мәлімдеді. Ресурс екінші жартыжылдықта іске қосылады. Енді жұмыс іздеген қазақстандықтар enbek.kz сайтына кіріп, өз өтінішін қалдыра алады. Кейін бұл мекеменің мамандары оларды еңбекпен қамтуға атсалысады. Электронды жүйеде ең көп сұранысқа ие 40 мамандықтың тізімі жасалмақ. 

«Бұл жүйенің арқасында жұмыспен қамту орталықтарына барудың қажеті жоқ. Жұмыс берушілер мұнда бос жұмыс орындары туралы мәліметтерін тастайды. Өзіне керекті мамандық бойынша қызметтің бар-жоғын азаматтар енді жұмыспен қамту орталығының порталынан көре алады. Сол жерден өздеріне қажетті ақпараттың барлығын білуге мүмкіндік алады»,- деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті, Дәулет АРҒАНДЫҚОВ.

 






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир