Қазақстанда полицейлер мен депутаттардың айлығы артады

Қазақстанда полицейлер мен депутаттардың айлығы артады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда полицейлердің және депутаттардың айлығы еселенеді. Бұл туралы Үкіметте Қаржы министрі  республикалық бюджеттің биылғы шығындары жайлы баяндамасында айтты. Енді депутаттардың, әскерилердің және полиция қызметкерлерінің айлығы 25 пайызға өспек. Осы мақсатта мемлекеттен 33 млрд 1 миллион теңге бөлінбек. Бақыт Сұлтанов үстіміздегі жылы бюджет шығыны ұлғайып, 11 триллион 191 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады. Бұл сома межеленген жоспардан 15 млрд теңгеге артық болып отыр.

«Бюджет шығынындағы өзгеріс екі бөліктен тұрады. Біріншіден, Елбасы тапсырмасы мен жеке бастамаларын іске асыру және еліміздің халықаралық деңгейдегі жауапкершілігін өтеу мақсатында, Үкіметтің қорын қысқарту әрі, табыстың түсуін арттыру арқылы 89,4 миллирд теңге бөлінеді.Екіншіден, Қазақстанның Қарулы Күштері, Ішкі Істер қызметкерлері мен депуттардың жалақысын көтеруге 33,1 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.


Новости партнеров