Елімізде тіркеуге тұрмағандарға айыппұл салынады

Елімізде тіркеуге тұрмағандарға айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 қаңтардан бастап жаңа көші-қон заңы қолданысқа кірді. Бұл сырттан жұмыс іздеп ағылатын гастробайтерлерге емес, керісінше өзге өңірден  қалаға келген халыққа тікелей қатысты. Сапарға немесе он күннен артық қалған адам полицияға тіркелуі қажет. Көші-қонның жаңа заңына құлақ аспағандар айыппұл төлеуге міндетті.

Жаңа жылда жаңа көші қон заңы қабылданды. Бұдан былай барған жерінде он күннен артық түнеген жан тіркеуге тұруға міндетті. Өз елімде жүрмін деп жайбасарлыққа салыну қалтаны жұқартады. Қоланысқа енгізілген заңның кейбір актілеріне бір ай бақылау жүргізіліп, алдағы айдан бастап әкімшлік жаза қолданыла бастамақ.

«Бұрын үш айдан көп мезгіл болса айыппұл салынатын. Қазір бұл санкция бір айға дейін төмендеді. Енді он күнде тіркеуге тұруға міндетті. Бір айға дейін ескерту», - деді  ҚР ІІМ Көші-қон департаменті полициясының аға инспекторы Анар ЖОМАРТОВА.

Бұрын түрлі себеппен сапарға барған азаматтар  үш айға дейін тіркеусіз тұруға құқылы болған. Бұл кеңшілдік енді бірден бір айға дейін түсті. Қаладан он күнде тіркеуге тұратын орын таппақ түгіл, жататын жер іздеумен жүретін жұрт үшін бұл жауапкершілік оңай жүк болмасы анық. Бірақ жаңа заң көптеген құқық бұзушылықтарға тосқауыл болады деп отыр сарапшылар.  

Баспанасын жалға берген қожайынға да арналған жауапкершілік жетерлік. Ауласында тұрақтаған жандарды сақшыға хабарламай, оларды тіркетпей, жасырып отыруға да болмайды. Ел ішіндегі көші-қонға бұлайша бақылау жасау экстремизмнің болмауына бөгет болмақ. Әрі кімнің қайда бет алғанын білуге мүмкіндік береді.

«Статистика бойынша қазір бірінші орынды Астана алып отыр. 11 мыңнан атсам адам ішкі миграция жасайды екен. Екінші орында Алматы қаласы. Үшінші орында Маңғыстау, сосын Ақтау, Ақтөбе қалалары. Көші-қонға өте тиімді болып есептелінеді. Ондай құжаттарды жасауға біздің құқықтық тұрғыдан да дайын емес сияқты. Оны қабылдап, оны реттеуге құзретті органдарды да жетілдіру керек», - деді әлеуметтанушы Мансия САДЫРОВА.

Қалаға ұзақ мерзімге емделуге келген жанда алдымен ауруын емес, тіркеуге тұратын жеріне бас қатыруға міндетті. Барған жерінде құжаттарын бірге арқалай жүрмеген жандарды жауапқа тарту алдағы айдан басталады. Ал, пәтерін жалға беретіндерді жауапқа тарту қаңтардың 7 -нен басталады.

Әмірболат Құсайыұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров