Наурызбай ауданының тұрғындары жуырда қалалық ауыз суға қосылады

Наурызбай ауданының тұрғындары жуырда қалалық ауыз суға қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданының тұрғындары жуырда қалалық ауыз суға қосылады. Бірнеше жыл жүргізілген құбыр құрылысы аяқталуға жақын. Аудан тұрғындары қазірге дейін жекенің қожалығындағы ұңғымадан су ішіп отыр. Оның құны қымбат, әрі судың  сапасы тұрақты бақыланбайды. Ал жаз мезгілінде жұрт мүлдем ауыз суға жөнді жарымайды.

Талғат Алпысбайұлының  Қалқаман ықшам ауданында тұрып жатқанына 18 жылға жуықтаған. Жекенің қарауындағы ұңғымадан таратылатын суды тұтынып келеді. Шөліркегенде су берген ұңғыманың  қазіргі қожайынға реніші жоқ. Бірақ, диамметрі жіңішке, жекеменшік құбыр арқылы келетін су жаз шықса болды жұртқа жетпей қалады.

 «18 жылдан бері осында тұрам. Жерасты суын қолданамыз жекеменшік кәсіпкердің. Қыста жақсы, бірақ жазда су тапшылығы сезіледі. Өйткені, 50 диамметрлік құбыр барлығына жетпейді. Жаңа жылдан соң қалаға қосылады деп жатыр. Мен өзім бәрін дайындап қойдым»,- деді Талғат ЖЕКСЕНБИЕВ 

Суды тереңнен ұңғып алатын кәсіпкерлер ауыз суын тұрақты тексертіп, сүзгішін уақытылы ауыстырмайды. Ал қала халқы тұтынып отырған су мына зертханада тәулік бойы бақыланады. Алматының әр бұрышындағы 400 су тарату желісінен күнделікті сынама алынып, зерттеледі. Орталық құбыр арқылы тараттылатын судың тағы бір ерекшелігі адам ағзасына қажетті минералдар бар. Мәселен, бұрын суға хлор қосылса, ол  тәсіл қазір мүлдем қолданылмайды.

 «Алынған сулардың сапасына байланысты органикалық, бактереологиялық және  химиялық құрамын тексереміз. Оргонемияда адамның ағзасына зиянды заттар бар ма, жоқ па соны тексереміз. Судың дәмін, судың тұнықтығын қараймыз. Сирек, келмейді  жәңегі  жеке кәсіпкерлер  су ұңғымасы бар. Олар өздері  жеке жұмыс істейді»,- деді «Бастау»МКК зертхана орталығының жетекшісі, Бейбіт МАТАЕВ.

 Тереңнен ұңғып алатын орталық су құбырына Қалқаман 1,2,3 және 4 ықшам ауданы мен Алты алаш ықшамауданы халқы қосылады. Алматы әкімдігі тұрғындарды таза, сапалы  ауыз сумен қамтмасыз ету үшін үш жылда  құрылыс жұмыстарына 167 миллион теңге  жұмсаған. Жаңа ықшам аудандарға көлемі 100  диамметрлік  200 шықарымдай су желісі салынған. Қазір тартылған құбырларды «батыс-1», «батыс-2»  су сорғыш стансаларына қосу жұмыстары ғана қалды. Қос стансадан тәулігіне алты мың текше метр су жіберіледі.Орталық су желісіне қосылудың құны  құбырдың көлеміне қарай  9 мың теңгеден басталады.

 Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

 

 

Новости партнеров