Елбасы экономикалық бәсекелестікке қабілетті елге айналуды қадап айтты

Елбасы экономикалық бәсекелестікке қабілетті елге айналуды қадап айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы  ел талқысына салып жатқан мақаласында  тек рухани жағын ғана жіктеген жоқ, экономикалық бәсекелестікке қабілетті елге айналуды да қадап айтты. Еліміз тек қана газ бен мұнай шикізатын сатып отырмауы тиіс. Тәуелсіз елдің өндірісі шикізатты өңдеп, оны әлемдік нарыққа шығаруы қажет. Шетелдік инвесторларды тарта отырып, нарықты жаңа деңгейге көтеру - қазіргі басты әдістердің бірі. Елбасының басты тапсырмасын талқыға салған Алматы қаласының билігі шаһарды қаржы орталығына айналдырудың жан-жақты жолын қарастырып, бизнес өкілдерімен бірлесе, өндіріс орындарын ашып жатыр.

Бұл Елбасының бастамасымен қолға алынып, жуырда ашылған Алматыдағы тағы бір өндіріс орнының ашылуы. Өткен жылдың қараша айында Елбасы жапондық компаниялармен кездесу өткізіп, келісім-шарттарға қол жеткізген еді. Президенттің сол кездегі көтерген жобаларын жалғастырған қала әкімі Бауыржан Байбек өткен аптада Токиода болып, күншығыс елінің  жетістіктегі тәжірибелерін елге жеткізудің жолдарын қарастырып келді. Алматыдағы Роуп Токио өндіріс орны  жаңа технология бойынша болат өнімдерін шығаратын бірегей компания.  

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз Tokyo Rope Almaty зауытын аштық. Өндіріс орны тек ғана Қазақстан емес,  Орта Азия, тіпті Сауд Арабиясына да өнім жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз»,- деді «TOKYO SEIKO MFG» компаниясы басқармасының төрағасы, Шигето ТАНАКА.

Зауыт өз өнімдерін жуырда тағыда ұлғайтпақ. Қала әкімі Бауыржан Байбек  Жапон еліне барған сапарында инвестиция тартудың тағы бірнеше жобаларына қол жеткізді. Мәселен, «TOKYO SEIKO MFG» компаниясының төрағасы  Шигето Танака зауыттың екінші құрамдас бөлігін индустриалды аймақта ашуға ниетті екенін жеткізді.

«Алматыдағы индустриалды аймақ Елбасының бастамасымен ашылған. Қазірдің өзінде ол жерде бірнеше өндіріс орны жұмысын бастап кетті. Қазір инфрақұрылыстың бір бөлшегін бітіру ғана қалды. Өндіріс орындарын салуға өте тиімді. 275 гектар жер бөлінген. Тағы 70 гектар аумақты қарастырып жатырмыз. Міне 18 гектар жерге осы зауыт орын теппек»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.  

Барлық өндіріс орындары мен жолдар Қазақстандықтардың қолымен қаланып жатыр. Ал ауқымды орындардың санын арттырып, сапалы өнім шығару үшін инвесторлардың  жұмыс жасауына жағдай жасалу қажет. Шетелдік капитал салық төлеп, жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Әрі кейін бұл ашылған зауыттар осында қалады. Елдің қаржылық орталығы саналатын Алматыда ай сайын өндіріс орындарының қабырғасы қаланып келеді. Болат құбыр шығаратын мына зауытта жуырда жұмысын бастамақ. Қала әкімінің қатысып, инвестиция тартуға қол жеткізуінің арнасында құрылысы басталған қытайлық компания отандық нарықты қажетті құралдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығаруды да жоспарлап отыр.

«300 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың құрылысына 600-800 адам аралығында мамандар жұмыс істейді. Бұл жоғары жалақы төлейтін маңызды орындардың бірі саналады»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.  

Елбасының тікелей тапсырмасын ашылып жатқан индустиралды аймақ алдағы күндері қаланың ғана емес, бүкіл елдің экономикалық күшіне айналатын алып орталық болмақ. Жұмыс істеуі тиіс 39 жоба өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, экспортқа да жібермек. Қырыққа жуық компанияның 7 шетелдік инвесторлардың қаржысымен қаланған. Араларында ресейліктерден бөлек жапонияның Токио Роуп, қытайлық   Азиа Стил Пайп сынды әлемге танымал алып компаниялар бар. Күн сайын нарықтағы қуаты күшейіп, өндіріс өсіп келе жатқан Қазақстан өткен жылы бүкіләлемдік «дуинг бизнес» банкнің рейтинг бойынша 35 орынға жайғасқан. Еліміз Ресей, Белгия, Италия, Грекия сияқты мемлекеттерді артқа тастап, Жапония, Румыния елдерінің қатарынан көрінген. Жан-жақты жұмыла жүріп, жүзеге асырып  жатқан Елбасының тапсырмасы дамыған 30 елдің қатарынан жылдам  көрінуге мүмкіндік бермек.   

Әмірболат Құсайынұлы, Асет Кундакбаев, «Алматы» телеарнасы 



  
Новости партнеров