|
15.02.2017 | 12:38
1098

Үкімет басшысы елорданың әкіміне "ЭКСПО" жайлы құлаққағыс жасады

Үкімет басшысы елорданың әкіміне "ЭКСПО" жайлы құлаққағыс жасады

 Әлемді дүбірге бөлеген биылғы Универсиада - сәтті өтті. Енді, "ЭКСПО"-ны жоғарғы деңгейде ұйымдастыру керек. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елорда әкімі Әсет Исекешовке осындай құлаққағыс жасады. Халықаралық көрме небәрі 3 айдан кейін өтеді. Қазір оған қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Премьер-министрдің айтуынша, ЭКСПО көрмесі елімізге тың қарқын алып келеді. Технологияның дамуына жаңа серпін сыйлайды.

"Мұндай көрмелер мен жарыстар елді шығынға батырады" деген сыни пікірлерді көп естиміз. Бірақ, Универсиададан кейін Алматы жайлы айтатындар көбейді. Студенттер сайысы елімізді әлемге әйгілі етті. Өйткені, барлығы жоғарғы дейгейде ұйымдастырылды. міне, ЭКСПО-ны да тап сондай дәрежеде өткізуіміз керек»,- деді ҚР премьер-министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир