|
19.10.2023 | 13:34
886

Алматыда «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік бастауы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Іс-шараға мәслихат депутаттары мен зиялы қауым қатысты

Алматыда «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік бастауы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті Almaty.tv

Ұлттың ұлы мерекесі – Республика күнінің қарсаңында «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік бастауы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық қоғамдық даму басқармасы мен Педагогикалық ғылымдар академиясы ұйымдастырған іс-шараға мәслихат депутаттары мен зиялы қауым қатысты. Сондай-ақ тарихи айшықты күннің басы-қасында болып, құнды құжаттың қабылдануына атсалысқан Жоғарғы кеңестің 12 шақырылым депутаттары да көргенін айтып, білгенін бөлісті.

– Бұл – азаттық алуға әлемге жар салған күн. Бұдан артық күн жоқ. Біз бірінші қадамды бастап бердік. Әңгіме бірінші қадамда ғой. Бүгінгі конференция осыған арналып отыр. Жалпы, әсері өте үлкен. Себебі, 33 жыл бұрын болған нәрсенің бәрін еске түсіру керек қой, – деді мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден.

Егемендік туралы Декларация – ел тәуелсіздігінің бастауы болған құжат. Бүгінгі конференцияда осы тарихи шешімнің маңызы айшықталып, мәні түсіндірілді. Аға буын жиынға қатысқан жастар осы қос құжаттың қадірін ұғынса деген тілегін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыдағы еріктілер игі істер марафонын бастады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир