Президент ұсынатын саяси бағыт AMANAT-тың екінші тынысын ашады – Марат Сәрсембаев

inform.kz
inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің бұрынғы мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Сәрсембаев Amanat партиясының келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Партияның аты өзгеріп, ребрендинг жасап жатқаны өзгерістің басы деп бағалануы керек сияқты. Партиялық дамудың бір кезеңі өтті десек болады. Енді жаңа кезең күтіп тұр.

Партия әрі қарай алға қалай жылжуы мүмкін дегенге келсек, көп дүние құрамындағы адамдарға байланысты. Оның үстіне бұл билік партиясы болып есептеледі. Партия құрамы қазіргіден де жаңарады деп үміттенеміз. Онсыз да осының алдындағы съезде айтарлықтай жаңарғанын білеміз. Партия органының басқару құрамына басқа адамдар кірді дегендей. Бұрынғылардың бір бөлігі құрамнан шығарылды да. Осы тұрғыдан алсақ, қандай да бір қозғалыстың бар екені жақсы. Оның ішінде кадрлық тұрғыдан да, партия саясаты тұрғысынан да қозғалыс бар деп айта аламыз», - дейді ғалым ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Заңгер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурызда жариялайтын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы  AMANAT-тың екінші тынысын ашады деп отыр.

«Енді не болады десек, бұл Президенттің наурыз айының ортасында елдің саяси даму жолы туралы не айтатынына байланысты. Мемлекет басшысы ретінде елдің саяси дамуын қалай көретініне, көзқарасы қалай болатынына көп дүние байланысты. Осы мәселеге жауап алған кезде патияның қалай жылжитыны туралы нақтырақ болжам айтуға болады. Әзірге Президент осы партияның басшысы болғандықтан, Amanat партиясының алға жасайтын қадамы да сол кезде айтылатын мәселелерге негізделеді деп ойлаймын.

Президент осы жолы жаңа саяси ұсыныстар айтады деп топшылап отырмын. Партия осы реформалар аясындағы нұсқаулармен, шешімдермен қаруланып, екінші тынысы ашылады деп ойлаймын», - деді сарапшы.

Новости партнеров