Алматыдан Оралға ұшып шыққан ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- 25 қарашада Оралды тұман басты. Айналаның көріну деңгейі төмен болды. Соған байланысты әуежайда ұшуға қолайсыздық туындады. Қазір Астанадан Оралға қатынайтын рейстер кешігіп жатыр, ал Алматы-Орал КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, - деп хабарлайды әуе компаниясының ресми өкілі.
23 қарашада Орал қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды. Әуе компаниясының мәліметінше, Орал – Франкфурт – Орал және Орал – Астана бағыттары бойынша әуерейстері, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері қатынайтын рейстер тоқтатылды.
Оқи отырыңыз: Шымкентте бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады