Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келгелі іске асырылып жатқан саяси шаруалар пакеті ішінде ең маңыздысы - жергілікті демократия сұрағын дамыту болғанын, заң ғылымдарының кандидаты Қазыбек Дәуітәлі айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– 2023 жылы 650 ауылдық округының әкімдері сайланды. Бір жылда 365 күн болса, күніне бір әкімнен артық штат сайлануда деген сөз. Сайлау процесі Қазақстанның әр аумағында жүрді. Бұл жақсы мәдениет, жақсы тенденция. Азаматтар мемлекеттік басқару ісіне қатысатын құқықтық жақсы мүмкіндік алды. Аудандық әкімдер де сайлауға қатысты. 2023 жылы 45 аудандық әкім сайланды. Бұл да жақсы үрдіс. Қазақстанда 166 аудандық және 37 облыстық маңызды қала бар. Жалпы аудан және ауыл округы әкімдерін сайлау Орталық Азияда бірінші рет іске асып отырған жоба. Демократияға біз осы елдердің ішінде бірінші болып аяқ бастық. Бұл Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан" жағдайындағы халыққа беріп отырған ең тұщымды жаңалығы, - дейді заң ғылымдарының кандидаты Қазыбек Дәуітәлі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан ғылымы жаһандық бәсекеге қабілетті