|
23.11.2023 | 17:26
85

Жақсыны көре білуіміз керек - Қасымхан Бекманов

Жақсыны көре білуіміз керек - Қасымхан Бекманов Сурет: Аlmaty.tv

Мемлекет басшысының сөзі мен ісінде алшақтық жоқ екеніне халықтың көзі жетті. Көтерілген мәселелердің аяғына дейін жеткізілуін халық қарап, қадағалап отыр, деді ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бекманов.

Ұлттық құрылтайда Президентіміз берген уәделері бірдіндеп іске асып жатыр. Тоқаевтың баяндамасында айтылған мақсаттар халық арасында талқыланды, баспасөзде жарияланды. Мемлекет басшымыздың сөзі мен ісінде алшақтық жоқ екеніне халықтың көзі жетті. Көтерілген мәселелердің аяғына дейін жеткізілуін халық қарап, қадағалап отыр. Ғылым, білім саласына жасап жатқан реформалары, ауыл шаруашылығы саласына қолдауы, зейнетақыны көтеру, жастарды жұмысқа орналастыру, өндіріске инвестиция тарту жақсы болды. Әсіресе халықтың әлауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар көңілден шықты. Көптеген жаңалықтар бар, жақсы істер бар. Жақсыны көре білуіміз керек,- деді ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бекманов.

Оқи отырыңыз: Қазыбек Дәуітәлі: Президентіміз жергілікті демократияны дамытты


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир