2023 жылдан бастап Президенттің қолдауымен жас әдебиетшілерге Президент сыйлығы тағайындалды. Оған бағы щапқан, дарына асқан жастар қатысатынын Маралтай Райымбекұлы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Президенттің бастамасымен 1700 қаламгердің шығармасы қайта іріктеліп, Қазақстан мектептерінің кітапханаларына қойылады. Сол үшін шығармалар қайта басылып жатыр. Қаламгерлерге өте қомақты қаламақы төленеді. Бұл өте қуанатын шаруа. Бұдан бұрын бұндай болмаған. Биылдан бастап, Президенттің қолдауымен жас әдебиетшілерге Президент сыйлығы тағайындалды. Дарына асқан жастар қатысады. Сонан кейін Президенттің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Айбоз» әдеби сыйлығы да қолға алынды. 7 жанр бойынша, проза, поэзия, аударма жанры. Жүлде қоры 35 млн теңге. Бұл әдебиетті қолдайтын дүние. Осы шаруаның басында Президентіміздің қолдауы тұрды. Әдебиет қай кезде де рухтың бастауы, - дейді Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы.