|
27.11.2023 | 18:14
3286

Қазақстанда агроном тапшы

Мемлекет басшысы Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамыту тұжырымдамасын дайындауды тапсырған

Қазақстанда агроном тапшы Almaty.tv

Қазақстанда агрономдар мен техник-мамандар тапшы. Ауыл шаруашылығын алға қоюды күн тәртібіне енгізген ел Үкіметі бұл мәселені шешу үшін бірқатар бағдарламаның әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Егемендіктің елең-алаң шағында бұл ауылдың бар шаруасы таусылып, зауыты қаңырап бос қалған. Әбдіжаппар Қыстаубаев сол күндерде күллі ауылдың ішерге ас таппай қиналғанын қаймыға еске алады. Берекесі кіріп, ырысы тасып тұрған аумақтан бір-ақ күнде барлық білікті маман ауа көшіпті. Бар малды ел сойып алған соң, шаруа шатқаяқтайды. Кәсіпкер «ауылда адам қалмады. Көп ойланбай, тезірек іс қылуға тура келді»- дейді.

– Сырт жақтан, Моңғолиядан 17 отбасы, Өзбекстаннан 40 отбасы көшіріп әкелдік. Нарынқол, Кеген, Балқаш ауданынан, Қостанайдан көшіп келді. Бәрін үймен қамтамасыз етіп, жұмыс тауып беріп, қайтадан қалпыпқа түстік, – деді кәсіпкер Әбдіжаппар Қыстаубаев.

Адамы келген соң, ісі ілгері жүрген Бірлікте қазір республикаға мәлім күріш зауыты бар. Бас-аяғы 10 мыңға жуық мал ұстап, қос шаруашылықты қатар өркендетіп отырған шаруа «әуелгі мақтанышым – ауылдың тұтастығы» дейді. Мұнда жұмыссыз, баспана мен қора-жайсыз қалған адам жоқ. Әр тұрғын еңбекке бір кісідей араласып, тұтас саланың дамуына үлес қосып отыр.

– Мал шаруашылығында 100 адам жұмыс істейді. Шөп дайындайтын бригада бар. Ол бригадада 30 адамдай жұмыс істейді. Шөпті өзіміз дайындаймыз, – деді серіктестіктің мал шаруашылығы бойынша директоры Жандос Әбдіжаппаров.

Еңбегін аямаған ауылдастарына кәсіпкер де қолдан келген көмегін аямайтын көрінеді. Ауыл азаматтары ол кісінің мұндағы мәдениет үйі мен спорт кешені, мешіт пен тойхана сынды нысанды салып бергенін жарыса айтты. Инфрақұрылымның жақсаруына да бір кісідей үлес қосып отырған шаруа әр тұрғынға қыста көмірі мен шөбін түсірісіп, жәрдем қылады.

– Жаңбыр жауып 50-60 гектар күріш жиналмай қалды.30-40 ақсақал келіп, көмектесті. Қойын сойып әкеліпті,  2 күн ішінде күрішті жинап алдық. Сол кезде ауыл тұрғындары маған сеніп артып отырғанын түсіндім, – деді кәсіпкер Әбдіжаппар Қыстаубаев.

«Сенімге селкеу түсірмеу – елім деген ердің міндеті» деп білетін ақсақал ауылдың жайын жақсартуға әрбір азамат құлықты болуы керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы былтыр қарашада Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындау туралы тапсырма берген. Жоба жүзеге асса, шалғай елдімекендердің жайы жан-жақты жақсармақ.

Мадина Оқас, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Әбдіжаппар Қыстаубаев: Су тапшылығы – бар кәсіпкерге ортақ тақырып

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир