Алмағайып заманда ел тыныштығы маңызды - дәрігер

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмағайып заманда еліміздің ішкі тыныштығы мен бірлігі аса маңызды. Республика күні - мемлекетіміздің тұтастығын айқындайтын ұлық мереке. Бұл – медицина мерейін өсіріп жүрген білікті дәрігерлердің пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлт саулығы үшін алдыңғы шепте жүрген мамандардың айтуынша, ұлттық мерекенің мәні зор.

– Еліміздің тыныштығы, ішкі бірлігі маңызды. Осындай жарқын сәттер, жақсы күндер көп болсын. Еліміз қарыштап дами берсін. Республика күні құтты болсын!  – деді А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ҒЗИ Хирургия орталығының кафедра меңгерушісі Бауыржан Рақышев.

Ел мерейін асқақтатқан Республика күні – тарихи мереке. Себебі 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданған еді. Бұл – Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы. Медицинаның тірегі һәм жүрегі бола білген ақ халатты абзал жандар еліміздің бірлігін тілейді.

– Республика күнімен құттықтаймын! Тарихи күнді қайта атап өтіп жүрміз. Дендеріңіз сау болсын! Ауырмаңыздар! – деді нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев.

Оқи отырыңыз: Республика күні: «Абылай хан» қойылым сахналанды

Новости партнеров