Тең мүмкіндіктер және экономикалық қауіпсіздік. Президент Жолдауында айтылған бұл басым бағыттар Жаңа Қазақстанды құруға қуатты серпін береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал елде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ең алдымен жастар саясатын тиімді жүргізу, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді діни бағытта, балабақша мен мектептерден бастаған абзал дейді ұстаз.
«Дінтану бағдарламасынан мәселені бастау керек секілді. Себебі қазіргі зайырлылық принцип негізінде, Конституциядағы біздің нормаларға сай балабақшаға, мектепке имамдар кіре алмайды. Мешітке балалар тек қана жазда, айға немесе 15 күнге келеді. Басқа уақытта балалар көп келе бермейді», – деді ҚАЗҰУ шығыстану факультеті Арабтану орталығының директоры Еркінбек Шоқай.
«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің ең негізгі міндетім» деген Мемлекет басшысы саяси жаңғырусыз әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасаудың мүмкін еместігін алға тартқан еді. Мамандар Президенттің дер кезінде жасаған іс-әрекеті болашақтың жарқын боларына нық сенім беретінін айтады.
«Президент Заң үстемдігі бәрінен жоғары екенін және өзі де соған сүйенетінін атап өтті. Менің ойымша, ол жолдауда тек заң аясында және Конституция негізінде әрекет етуді көздейтінін жеткізді», – деді «Халықаралық полиция қауымдастығы» РҚБ президенті Ғалым Берістемов.