Тәуелсіздік декларациясы – ұлтымыздың азаттыққа аттаған алғашқы саяси қадамы

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік декларациясы – ұлтымыздың азаттыққа аттаған алғашқы саяси қадамы. Оңай болған жоқ. Соны кейінгі ұрпақ ұға білгені жөн. Қазақтанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv

Айтулы күннің мағынасына кеңінен тоқталған жазушы бұл сәттің мемлекетіміз үшін маңызды болып қала беретін айтты.

– Он бес ел егемендік туралы декларация жариялап, тәуелсіздік алуға бет бұрды. Оны тоқтату мүмкін емес еді. Ал оны тоқтатса, бейбіт заманның шырқы бұзылар еді. Ал оған ешкімнің батылы бармады. Сол себепті де 25 қазанда Қазақстан декларация жариялады, – деді  жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Ұмыт болып, қайта жаңғырған мереке алдында құттықтау айтқан қайраткер көп. Тұңғышбай Жаманқұлов "Республика күнінің басқа мерекелерден орны бөлек, ел үшін ерекше болуы керек" дейді.

– Мемлекетшілдік деген ұғым бар. Бәрімізде сондай сезім болуы керек. Елімізді есепсіз сүюіміз қажет. Бұл - сонау ықылым заманнан келе жатқан ата-баба арманы. Республика дегеніміз – ел болу, еңсе көтеру. Дүниежүзіне атымыз мәлім, барлығы қазақты мойындайды, – деді актер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Ұлттық мерекенің ұлттық сипаты болуы қажет

Новости партнеров