|
16.12.2020 | 00:24
4826

Alatau Creative Hub-та өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуына толық мүмкіндік жасалған – Ұлықбек Есдәулет

Жазушылар одағы Alatau Creative Hub инновациялық мәдени орталығымен бірігіп жұмыс істеуге дайын

 Alatau Creative Hub-та өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуына толық мүмкіндік жасалған – Ұлықбек Есдәулет Almaty.tv

Alatau Creative Hub-та өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Бұл туралы ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Alatau Creative Hub-та  еліміздің белгілі ақын-жазушыларымен де кездесулер өтеді. Алаң кітап дүкендері мен баспа үйлерінің бірігіп жұмыс істеуіне де сеп болады, дейді зиялы қауым өкілдері.

«Алматыда алғаш рет Alatau Creative Hub инновациялық мәдени орталығы ашылу рәсіміне қатыстық. Қала әкімдігі заманауи орталыққа айналдырған екен. IT-зертханасы, медиа орталық, бизнес бойынша келіссөз жүргізетін орын, Домбыра үйірмесі, қолөнері шеберлерінің орталығы, вокал дәрістері – бәрі бар. Білім аламын десе, кітапханасы тұр.


Жасанды интеллектпен айналысамын дегендердің бәріне де осы жерде мүмкіндік туғызылған. Үйірмелері тегін. Сосын Жазушылар одағымен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. Бұл енді жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашуға ұмтылыс қой. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, білім алуына, ой-өрісінің кеңеюіне толық мүмкіндік жасалған орталық. Жазушылар одағы Alatau Creative Hub инновациялық мәдени орталығымен бірігіп жұмыс істеуге дайын», – деді ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир