Алматыда Аяз аталар шеруі өтті

фото: Кайрат Конуспаев
фото: Кайрат Конуспаев
Ертегі әлемінің кейіпкерлері қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Аяз ата шеруі өтті. Ертегі әлемінің кейіпкерлері қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басты жаңажылдық шырша орнатылған Абай алаңынан бастап, шеру Достық даңғылымен Қабанбай батыр көшесіне дейін, содан кейін батыс бағытта Панфилов көшесіне дейін жүріп, «Астана» алаңына барды. Маршруттың соңғы нүктесі бекер таңдалмаған, дәл осы жерде 31 желтоқсанда басты жаңажылдық концерт өтеді, содан кейін жаңажылдық отшашу басталады.

«Біз балаларға жақсы көңіл күй мен ұмытылмас эмоция сыйлай алғанымызға қуаныштымыз. Қала тұрғындары мен қонақтары шеруге қатысушылармен суретке түсіп, сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер айтып, сыйлықтар, тәттілер алды. 60 адамнан тұратын Аяз ата шеруін біз екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз және бұл Жаңа жыл қарсаңында жақсы дәстүрге айналып отыр», — деді Алматы қаласының мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, 21 желтоқсаннан бастап Абай атындағы алаңда және Астана алаңында күн сайын белгілі әртістердің, live-бэндтер мен диджейлердің қатысуымен концерттер, түрлі балалар байқаулары, аниматорлармен ойындар мен интерактивтер өткізіледі. 27-31 желтоқсан аралығында жаңажылдық қысқы фестиваль аясында қаланың әр ауданында концерттер ұйымдастырылады, онда Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Әлішер Қонысбаев, Райым Уайс, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Altair & Abbi, Нұрмұхаммед Жақып, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ақбота-Нұр, Жандос Қаржаубай, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Алтынбек Тәшімбетов және т.б. артистер өнер көрсетеді.

Новости партнеров