|
12.01.2024 | 10:06
1675

Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақша қолданысқа беріледі

Жоспар бойынша құрылыс нысаны 2024 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады

Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақша қолданысқа беріледі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы құрылыс басқармасы қаладағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының барысы туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгінде қалада Ақжар, Алтын Бесік және Жас Қанат шағынаудандарында 700 орындық үш балабақша салынып жатыр. Оларды 2024 жылдың ІІ тоқсанында аяқтау жоспарланған. Былтыр маусымда Саялы және Айнабұлақ шағынаудандарында әрқайсы 160 орындық екі балабақша пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласына келсек, биыл шілдеге дейін Саялы, Қарасу, Нұршашқан шағынаудандарында, сонымен қатар Түрксіб ауданы Айбасов көшесінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар былтыр Мамыр-5 және Кемел шағынаудандарында амбулаториялар салынды.

Сонымен қатар 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталатын «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы» үшін қабылдау бөлімшесі ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Алатау ауданында жаңадан екі мектеп салынады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир