Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз су мәселесі тұрғындар үшін аса өткір мәселе болып отыр. Қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде бұл мәселе қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкім Қарғалы су қоймасының құрылысы аяқталып, Ақсай су қоймасының құрылысы басталғанын мәлімдеді.
"Қарғалы бойынша жұмыстар 80% аяқталды, 12 нысан салынды. Іле-Алатауы паркі аумағында қосымша рұқсат құжаттарын алу қажет болғандықтан, құрылыс уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар қайта жанданды. Объектіні келесі жылдың 3-тоқсанында тапсыруды жоспарлап отырмыз", - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, «Ақсай» су қоймасы бойынша конкурстық процедуралар аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақша бөлінді. Мердігер ұйым - «Integra» компаниясы, қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың 3-ші тоқсаны.
Сондай-ақ, су құбыры мен канализация желілерін жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда 5 шағынауданда ұзындығы 195 км су құбыры және канализация желілері тартылды.
Ақжар, Таусамалы, Шұғыла 3 шағынауданында құрылыс жүріп жатыр, жоспарланған 30 км су құбыры және канализация желілерінің 19 киллометрі салынды. Қалған 11 киллометрі 2023 жылдың маусым айына дейін аяқталады.