|
26.07.2023 | 10:57
2604

Алатау ауданының тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты

Алатау ауданының тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі Фото ашық дереккөзден

Функциялардың бір бөлігі Алматыға берілгеннен кейін Алатау ауданында ұзындығы 295 км инженерлік желілерді салу басталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, маусым айында «Алғабас» және «Шапағат» шағынаудандарында ауыз су және кәріз жүйелерін салу жұмыстары басталды. Жұмыстар 2024 жылдың қазан айында аяқталады. Ал «Болашақ» биылғы жылдың қазан айында абоненттер сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.

«Сондай-ақ қараша айына дейін «Саялы» шағынауданында кәріз жүйелерін салуды аяқтау жоспарлануда. Тамыз айында «Теректі», «Рахат-Мәдениет» шағынаудандарында сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Алатау ауданының тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир