|
26.08.2022 | 11:23
2541

Алматыдағы Ганди атындағы саябақты жөндеу жұмыстары қашан басталады

Мерзім қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды

Алматыдағы Ганди атындағы саябақты жөндеу жұмыстары қашан басталады yvision.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы аудан тұрғынының саябақтар мен алаңдардағы жөндеу жұмыстарының мерзімі туралы сауалына жауап берді.

"Скверлерді қайта құру тізімдерінде Ганди атындағы саябақ пен Мұхтар Әуезов атындағы театрдың саябақ аумағы бар ма? Егер бар болса, жұмыс қашан басталады?" - деп сұрады аудан тұрғыны.

Қала әкімі Әуезов театрының саябақ аумағындағы жұмыстар Мәдениет министрлігі театр маусымы аяқталғаннан кейін қайта құруды бастау туралы шешімінен соң тоқтағанын айтты. 

"Жоспарларымыз бар еді, бірақ мен жобаны уақытша тоқтаттым, өйткені егер қайта құру болса, жұмысты жалғастырудан пайда жоқ. Қайта құрудан кейін жұмысқа кірісеміз", - деді Ерболат Досаев.

"Ганди атындағы саябаққа биыл жобаны тапсырамыз. Жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланған", - деп толықтырды Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Серік Әділбаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир