Алматыдағы Барахолка базарының жолына «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тұрғындар ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Барахолка базарының жолына наурыз айының соңына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

- Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын, - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланады.

Оқи отырыңыз: Зерделіде жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Новости партнеров